Бокс
1 наурыз 2023 09:22

Қомақты қаржы. Қазақстан қатысатын ӘЧ-нің жүлделік қоры айтылды

Карина Ибрагимова ©Спортты дамыту дирекциясы

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Нью-Делиде (Үндістан) өтетін әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатына 2,4 миллион доллар көлемінде қомақты жүлде қорын белгіледі, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап. 

12 салмақтың әрқайсында алтын жүлде иеленген боксшы 100 000 доллар сыйақы алады. Екінші орындағы боксшыға 50 000 доллар қарастырылған, ал үшіншіге - 25 000 доллар. 

Жарыс 2023 жылдың 15 пен 26 наурыз аралығы өтеді. Бұл турнирге 77 елдің боксшылары қатысатынын растады, олардың ішінде былтырғы әлем біріншілігінің жүлдегерлері бар. 

2022 жылғы ӘЧ жүлдегерлері арасында қазақстандық Карина Ибрагимованың да есімі аталды, ол былтыр қола иеленген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport