Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының Instagram желісіндегі аккаунты жасанды комадан шыққан соң алғаш рет жаңартылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі .
Спортшының Instagram Stories-нде балаларының суреттері жарияланды.
Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 6 қараша күні таңертең WBA Regular атағы үшін жекпе-жегінде кубалық Дэвид Моррельден нокаутпен жеңілген. Жекпе-жектен кейін спортшы ауыр халде ауруханаға жатқызылып, жасанды комаға түсті. Өткен аптада отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды.