Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Сәкен Бибосыновтың Белградтағы әлем чемпионатындағы жеңісін еске алды, деп жазады Vesti.kz.
"Қолыңнан келсе, қайтала", - делінген халықаралық қауымдастықтың инстаграм парақшасында.
Еске салайық, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Сербиядағы жаһан біріншілігінде 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тағынған болатын.