Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Астанадағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, қарсыласымен көз арбасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ертең, 5 сәуірде өтетін айқаста оның қарсыласы франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) болады.
Әлімханұлы салмақ лимитін орындады да қарсыласымен көз арбасты. Face-to-face кезінде Жәнібектің бір белбеуі түсіп кете жаздады, бірақ, Әлімханұлы оны ұстап үлгерді.
Осыдан кейін боксшылар залға бұрылғанда Нгамиссенге белбеуді абайсызда қағып жіберді.
https://t.me/vestisport/20413
Жарнама