Бокс
28 мамыр 2021 16:11

"Қолымнан не келетінін дәлелдеймін". Батыр Жүкембаев ертеңгі айқаста пуэрториколық нокаутшыны сұлатуға уәде етті

Сурет: BoxingScene.com

Бүгін, 28 мамыр Лос-Анджелесте қазақстандық Батыр Джукембаев (18-0, 14 КО) пен пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) арасындағы жекпе-жекке арналаған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бір қызығы ұйымдастырушылар қазақстандық пен пуэрториколық боксшыларға аудармашы бермепті. Сондықтан олардың ағылшынша тек қысқа жауаптар ғана берді. Батыр бұл кездесуде дайындығы туралы айтып, арсыласын нокаутқа түсіруге уәде етті.  

"Жаттығу легірм жақсы өтті. Матиасқа дайындалдым және оның қандай боксшы екенін білемін. Сенбі түнде мен нокаутпен жеңемін. Қолымнан не келетінін бәріңізге көрсетемін. Мен дәлелдеймін", - дейді Жүкембаев. 

Матиас та қарап қалмады. Ол қарсыласына үлкен қиындықтар туыдыратынын айтты.

"Мен оның ең қиын сынағы боламын. Мен неге олай айтып отырғанымды өздеріңіз түсіетін боласыздар",- деді Матиас.