Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман cуперауыр салмақта бұрынғы абсолют чемпион Майк Тайсонға қолдау білдіріп, кәсіпқой боксқа оралған жағдайда бірден ұйымның ресми рейтінгіне қосатынын мәлімдеді.
"Майк Тайсон суперауыр салмақта ең жас чемпион болған. Енді ең егде чемпион болуы мүмкін. Ол керемет, аңыз тұлға. Ол спортта және WBC-де үлкен құрметке лайық. Ол қазір де кімді болсын бір соққымен нокаутқа түсіре алады. Сондықтан оны қолдаймыз. Бұл бәрімізді қызықтыратын тақырып.
Қайырымдылық үшін жекпе-жектер бір бөлек, ал егер ол рингке оралатын болса, оған лицензия қажет. Мен оның арманын өлтірмеймін. Рингке оралып, рейтингке қосылам десе барынша қолдаймын. WBC тұжырымы бойынша рейтингте орын беремін", - деп береді Сулейманның сөзін BoxingScene.
Айта кетейік, мұның алдында Тайсонға Қазақстанда жекпе-жек өткізу ұсынысы жасалған екен.