Украиналық былғары қолғап шебері Сергей Радченко әлемге әйгілі Владимир Кличко мен Александр Усик екеуімен өткізген жаттығудан кейін қос боксшының артықшылықтарын атап өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Спарринг кезінде қайсымен қиын болды дейсіз бе? Менің ойымша Кличкомен. Себебі оның қолдары ұзын. Алып денелі спортшының басты басымдығы – қолдарының ұзын болуында еді. Сырттай қарағанда ол тек джеб арқылы жеңіске жете алады. Оның ұзын қолдарынан айналып өту үшін бар күшіңді салуың керек. Ал Усик, ол да өз заманының белді боксшыларының бірі. Александрдың боксы әртүрлі. Ол жекпе-жек кезінде түрлі тактика қолданады. Усик пен Кличконы салыстырсақ, Кличконың айқасы іш пыстырады. Алайда ол қолдарының соққыларын әбден машықтаған. Сондықтан тәжірибесінің арқасында Усиктен бір табан жоғары тұр. Кезінде Брюс Ли "мен мың түрлі соққы жасамаймын. Тек бір соққыны мың рет қайталаймын деген". Сол секілді Владимир Кличко рингте жылдам болмаса да, өзінің жойқын соққыларымен мықты еді, - дейді Радченко Fanday басылымына берген сұхбатында.