Бүгін, 7 сәуір күні Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасынан алты боксшы жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйелдер арасында ел намысын Әйгерім Сәттібаева (48 кг) қорғайды. Ал ерлер арасында Оразбек Асылқұлов (60 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Айбек Оралбай (85 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг) және Нұрбек Оралбай (+90 кг) финал жолдамасы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жектерді тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Таңғы сессия (09:00):
2-жұп. Әйелдер, 48 кг: Әйгерім Сәттібаева — Энх-Амгалан Номундари (Моңғолия);
6-жұп. Ерлер, 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Далай Ганзориг (Моңғолия);
7-жұп. Ерлер, 85 кг: Нұрбек Оралбай — Бариаахан Дорж (Моңғолия);
9-жұп. Ерлер, +90 кг: Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан).
Күндізгі сессия (14:00):
3-жұп. Ерлер, 60 кг: Оразбек Асылқұлов — Абдирахмон Махмуджонов (Өзбекстан);
8-жұп. Ерлер, 90 кг: Сағындық Тоғамбай — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан).
Айта кетейік, жартылай финалға шыққан барлық боксшылар кемінде қола жүлдені өз қоржындарына салып үлгерді.
Жарнама