Бокс
19 тамыз 09:49
 

Кіл чемпиондар! Қазақстан тарихи ӘЧ-ге кімді апартынын жария қылды

  Пікірлер

blog.share

Кіл чемпиондар! Қазақстан тарихи ӘЧ-ге кімді апартынын жария қылды ©ҚБФ

World Boxing (WB) ұйымының аясында өтетін алғашқы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

World Boxing (WB) ұйымының аясында өтетін алғашқы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дебюттік әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді.

Қазақстан атынан тарихи жарысқа жұлдызды құрам аттанады.

Еліміз бұл турнирде барлық салмақ дәрежелерінде қатысып, жалпы 20 боксшымен толық құрамда өнер көрсетеді.

Бұрымдылар құрамасының көшбасшысы - үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай болмақ. Сонымен қатар, бұған дейін IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионатында алтын алған Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева екінші мәрте чемпиондық атақ үшін күреседі.

Қазақстан әйелдер құрамасының 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатына аттанатын құрамы:

48 кг – Назым Қызайбай
51 кг – Алуа Балқыбекова
54 кг – Элина Базарова
57 кг – Карина Ибрагимова
60 кг – Виктория Графеева
65 кг – Аида Әбікеева
70 кг – Наталья Богданова
75 кг – Надежда Рябец
80 кг – Гүлсая Ержан
80+ кг – Елдана Тәліпова

Қазақстан ерлер құрамасының 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатына баратын боксшылар:

Қазақстан атынан ЧМ-2025 турниріне екі жыл бұрын Ташкентте өткен IBA әлем біріншілігінің жеңімпаздары - Санжар Тәшкенбай, Махмұт Сабырхан және Нұрбек Оралбай барады. Сонымен қатар, құрамға 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те оралды.

50 кг – Санжар Тәшкенбай
55 кг – Махмұт Сабырхан
60 кг – Бейбарыс Жексен
65 кг – Ертуған Зейнуллинов
70 кг – Төрехан Сабырхан
75 кг – Сабыржан Аққалықов
80 кг – Нұрбек Оралбай
85 кг – Бекзат Нұрдәулетов
90 кг – Сағындық Төғамбай
90+ кг – Айбек Оралбай

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, қазір ерлер мен әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Осы аптада олар Англияға ұшып, оннан астам елдің боксшылары қатысып жатқан халықаралық жиынға қосылады.

Шеффилд қаласындағы бұл оқу-жаттығу жиыны – әлем чемпионатына дейінгі соңғы дайындық кезеңі болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!