Мексикада өткен бокс кешіндегі жекпе-жектің бірінде әлемнің бұрынғы чемпионы Маурисио Лара (28-3-2, 21 КО) мен Эдвинг Давила (21-3, 11 КО) жұдырықтасты.
Бұл айқас он раундқа есептелген болатын, алайда, оған дейін жетпей, сегізіншісінде аяқталды.
Бұл кездесуде Давила екі рет тізерлеп қалды, осы екіншісінен кейін төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды. Осылай Лара техникалық нокаутпен жеңіске жетіп отыр.
Лара жартылай жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған.