Бокс
25 қараша 2020 14:44

"Қиындықсыз жеңемін". "Канелоның" 47 жастағы экс промоутері Головкинмен жекпе-жекке өзі шықпақ

Сурет: boxanalitika.ru

1992 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы және кәсіпқойда алты салмақта бұрынғы әлем чемпионы 47 жастағы промоутер Оскар Де Ла Хойя (Golden Boy Promotioons) карьерасын жалғастырып, ең мықты боксшылармен жұдырықтаспақ,- деп хабарлайды vRINGe.com.

The Ak & Barak Show радио-шоуының эфирінде ол қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтаспақ ниетте екенін мәлімдеді: 2021 жылы рингке ораламын. Шынайы жекпе-жек туралы айтып отырмын. Қарсыласқа қатысты, бүгін біреу мені бірден қызықтырған боксшының есімін атады. Қалжың емес, рас айтып отырмын. Головкин немесе сол сияқты мықты боксшымен жекпе-жек өткізуге ниеттімін. Ондай стильдегі боксшыны мен қиындықсыз жеңемін. Жақында көреміз...