Бокс
1 шілде 2019 12:46

"Қиратушы ма, әлде суайтпысың?". Қыркүйекте "Канело"- Головкин трилогиясын құтқарар адам табылды

© Fightnews.info
Жартылай ауыр салмақта IBF чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (14-0, 14 КО) WBO белбеуінің иегері, отандасы Сергей Ковалевті (33-3-1, 28 КО) кезекті рет жекпе-жекке шақырды.

"Элайдер Альвареспен қарымтадан кейін WBO белбеуін қайтарып, менімен титул біріктіретін кездесу өткізгің келетінін айтқансың. Бірден келістім де, промоутерге сенің командаңмен байланысқа шығуын сұрадым. Бәр жерде менімен жұдырықтасқың келетінін айтқаныңмен, ұсынысымды әлі қабыл алмадың. Сондықтан саған қайтадан, көпшілік алдында айтып отырмын. 

Серега арамыздағыға нүкте қояйық! Оның үстіне бұған еш кедергі жоқ: титулдар біріктірілетін жекпе-жек кез келген ұйым үшін басымдықта, ал Top Rank мұны құп көреді. Ресейде сені Кеспе дейді, ал Америкада - "Қиратушы" атаныпсың. Сонымен кімсің: суайт па, қиратушы ма?! Жанкүйерлер жауап күтіп отыр. Мен де. Уақыт келді", - деп жазыпты Бетербиев Instagram желісінде.