Ауыр салмақта чемпион болған 59 жастағы америкалық Оливер Макколл (61-14, 40 КО) кәсіпқой рингте кезекті рет жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.
АҚШ-тың Нэшвилл қаласында өткен жекпе-жек кешінде ол 52 жастағы отандасы Гэри Кобимен (3-5, 1 КО) жұдырықтасты. Алты раундқа есептелген айқас біріншісінен кейін бітті, өйткені Коби сол қолының бұлшық етін жыртып алып, ары қарай жұдырықтаса алмады.
Ригтен көтеріп алып кетті. Жеңіліп көрмеген чемпион ауыр нокауттан тұра алмай қалды
Макколл - суперауыр салмақта 90-шы жылдары ең мықты боксшылардың бірі болған. 1994-1995 жылдар WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы еді.
Ол Грег Пейджбен қатар, Майк Тайсонды спарринг кезінде нокдаунға түсірге алған екі адамның бірі. Оливер спарринг кезінде де, жекпе-жек кезінде де ешқашан құлап көрген емес. Ал Леннокс Льюистен техникалық нокаутпен жалғыз жеңілісінің себебі төреші жекпе-жекті ерте тоқтатып татсағаны болатын.