Бокс
Бүгін 10:21
 

Кезінде Әлімханұлын жеңген боксшы ресейлікті екі рет есеңгіретіп тастады

  Пікірлер

blog.share

Кезінде Әлімханұлын жеңген боксшы ресейлікті екі рет есеңгіретіп тастады ©kohanchik.m

Қазақстандық боксшы Михаил Коханчик Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен RCC Hard 22 жұдырықтасу турнирінде ресейлік Шохиджон Толибовты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Михаил Коханчик Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен RCC Hard 22 жұдырықтасу турнирінде ресейлік Шохиджон Толибовты жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Коханчик екі нокдаун арқасында жеңіске жетті

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланды. Кездесу қорытындысы бойынша Коханчик қарсыласынан басым түсіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Толибовты екі рет нокдаунға түсірді. Бұл жекпе-жектегі шешуші сәттердің бірі болды.

Михаил Коханчик несімен танымал?

Коханчик 2023 жылдан бері кәсіпқой рингке шықпаған. Кәсіпқой бокстағы рекорды – алты жеңіс пен бір жеңіліс. Оның бес жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған.

Қазақстандық боксшыға деген қызығушылық оның әуесқой бокстағы жетістіктеріне де байланысты. 2017 жылы Қазақстан чемпионатында Коханчик кейін кәсіпқойда орта салмақта IBF және WBO чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын жеңген.

Енді Михаил өзіне жаңа спорт түрінде бағын сынап, RCC Hard турниріндегі жеңісін жетістіктер тізіміне қосты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!