Ауыр салмақтағы америкалық Ричард Торрес (10-0, 10 КО) Сан-Диегогода өткен бокс кешінде бұрын жеңілмеген отандасы Брэндон Мурды (14-1, 8 КО) нокаутқа түсірді, деп жазады Vringe.
Жекпе-жек бесінші раундта аяқталды. Мур ауыр соққыдан есеңгіреп қалды, ес жимақ болды бірақ, қарсылық көрсетуге еш шамасы келмеді.
Еске салайық, Ричард 2020 жылғы Токио олимпиадасында күміс жүлдегер атанған. Жартылай финалда ол Қамшыбек Қонқабаевты жеңді, ал финалда Баходир Джалоловтан жеңілді.