Боксшылар Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino аренасында өткен бокс кешінің басты кездесуінде жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісінде аяқталды. Жүкембаев қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, осыдан кейін Лара ес жия алмай, төреші кездесуді тоқтатты.
Эстефанның сөзінше, Жүкембаев жыл соңында толыққанды чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізе алады. Сонымен бірге, қазақстандық боксшы АҚШ-та жұдырықтаса алу үшін промоутер өзінің амеркиалық серіктестерімен келіссөз жүргізіп жатқанын да мәлімдеді.
Осылайша, Жүкембаев 18 жекпе-жегінің барлығында жеңді, оның он төрті нокаутпен. Қазақстандық барлық кездесуін Канадада өткізген. Ал Лара осымен оныншы рет жеңілді, сонымен бірге ол 22 кездесуде жеңіске жеткен (10 нокаут).
Қазақстандық боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін бірінші рет қорғау керек болған, алайда, жекпе-жекте ешқандай чемпиондық титул сарапқа салынбады.