BL1KzVShXin7Er5LIV4RKSmXApHrpzuQG7obOz5J
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Кез келгенді құлатады". "Канело" Головкиннің бұрынғы қарсыласынан қорқатыны айтылды

"Кез келгенді құлатады". "Канело" Головкиннің бұрынғы қарсыласынан қорқатыны айтылды
Сурет: MMABoxing.ru
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы канадалық Давид Лемьенің (41-4, 34 КО) промоутері Камиль Эстефан Boxingscene.com порталына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) келіссөздің неге тоқтап қалғаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

Боксшылар арасындағы жекпе-жек туралы бірнеше жыл айтылып келеді. Эстефанның сөзінше, Альварес Лемьеден қауіптенетіндіктен басқа қарсылас іздеп жүр. 

"Алдын ала келіссөзден кейін "Канело" тарапынан ештеңе болмады. "Канело" - әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі, сондықтан, кіммен жұдырықтасатынын өзі шешеді. Мәселе ақшада емес. Ол жағын талқылаған жоқпыз. Егер Давидпен жұдырықтасқысы келсе, келіссөзді жалғастырайық. Бірақ ол мұндай нокаутшымен жұдырықтасып қайтемін деп ойлайтын шығар. 

Давид 31 жаста, бабында, күші де мығым. Дегенмен шыны керек, оның карьерасы ауыр болды. Салмақпен қиындықтар болып, соның салдары қымбатқа түсті. Егер Давидтің соққысы дәл тисе, кез келген сұлап түседі. Бұл "Канело" үшін өте қауіпті. Давид оны нокаутқа түсіре алады деген ойдамын. "Канело" мұндай қауіпке бара қоймас. Бұл бокс жанкүйерлері үшін тамаша кездесу болатын еді. Давидтің жекпе-жектері ешқашан іш пыстырмайды. Ол кез келген қарсыласты кез келген уақытта құлата алады", - дейді Эстефан.


Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар