Кейінгі қарсыласын 69 секундта құлатқан Жүкембаев жаттығуын көрсетті

©RG Brands

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Джукембаев (19-1, 15 КО) жаттығуының видеосын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейінгі рет Батыр былтыр желтоқсанда Монреальда (Канада) жұдырықтасты. Ол кезде қазақ боксшы мексикалық  Хуан Хосе Мартинес Альваресті (28-11, 20 KO) бірінші раундтың 69-секундында нокаутқа түсірген болатын. 

Жүкембаевтың енді рингке қашан оралатынын белгісіз.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы WBC чемпионы мексикалық Оскар Вальдес (30-0, 23 КО) және WBO титулына ие америкалық Шакур Стивенсон (17-0, 9 КО) айқасының андеркардында шықпақ еді. Алайда боксшының командасы оған нақты шақырту алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport