Кейінгі жекпе-жегінде сынған қолымен жұдырықтасқан Қанат Ислам келесі жекпе-жегіне жаттығу лагерін бастады

31 желтоқсан 2019 08:32
Vesti.kz©
Орт салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі жекпе-жегіне жаттығу лагерін бастады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

WBO International титулы үшін 26 қазан Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. Кейін қазақ боксшы он раундтың төртеуін сынған қолымен жұдырықтасқаны белгілі болды. 

Жекпе-жектен соң Каутондоква төрешілер шешіміне наразылығын білдірді, ал оның менеджері Нестор Тобиас қазақстандық боксшыдан қарымта талап етті.

Айта кетейік, осы жекпе-жек алдында Қанат Ислам The Ring тұжырымы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен арадағы іскерлік қатынасын үзді. Менеджер боксшының ісін 2018 жылдан бастап жүргізген. Климастың жетекшілігімен қазақстандық боксшы сол жылы 23 маусымда Лос-Анджелесте жұдырықтасу керек болатын, алайда, аяғын сындырып рингке шықпады. Қазір Қанат Исламның командасына бұрынғы менеджер Нельсон Лопес келді. 

WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша ресми мәлімдеме жасады