auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Кеудемсоқтық емес, кез келгені шықсын". Тұрсынғалиев титулды жекпе-жегінің мән-жайын айтты

Қазақстандық Альварестің командасындағы жұлдызбен жұдырықтасқысы келеді.

"Кеудемсоқтық емес, кез келгені шықсын". Тұрсынғалиев титулды жекпе-жегінің мән-жайын айтты
0
Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Мұса Тұрсынғалиев (8-0, 6 КО) Vesti.kz тілшісіне титулды жекпе-жегінің мән-жайы туралы айтып берді. 

Мұның алдында 24 жастағы қазақстандық боксшы WBA International белбеуі үшін жұдырықтасатыны жайлы құлағдандырған. Жекпе-жек келесі жылы өтеді. 

"Уақытым келді". Бірегей жетістігі бар Тұрсынғалиев WBA белбеуі үшін жұдырықтасатынын құлағдандырды

- Жекпе-жек 1 наурызда өтеді. Ол Атланта немесе Майамидегі бокс кешінің басты кездесуі болады дейді. Әзірге қарсылас белгісіз. 10 жеңісі бар соңғы қарсыласым жұдырықтасудан бас тартты. Естеріңізде ме? Рубен Сервера. Сол үшін титул үшін жекпе-жек болмай қалды. 

- Қауіптене ме?
- Мұндай "чемпиондар" көп, 25-0 жетістігі бар. Бір рет пуэрторикалық Джонатан Окуендаға (30-5, 19 КО) ұсынды. Ол да бас тартты. Жақсы жекпе-жек болатын еді. 

-Мықты қарсылас күтіп отырсыздар ма?
- Кез келгеніне дайынмын! Кім екені маңызды емес. Әлсіздерді таңдап жүргенім жоқ. Барлық белбеуді алғым келеді. Райан Гарсиямен жұдырықтасқанды қалар едім. Білетін боларсыздар. Бірақ ол келісе қоймас. 

- Оның рекордсы 17-0.
- Иә. "Канело" Альварес командасындағы жұлдыз. Титул үшін осы жекпе-жектен кейін жұдырықтасуға шақырғым келеді. Көреміз, келісе ме, жоқ па. 

- Өршіл екенсіз. Бәрі қолдан келеді деген үміттемін. 
- Бұл әрине, ешқандай да кеудемсоқтық емес. Жұдырықтасып көтерілуге болатын кезде айналшықтап жүрудің не қажеті бар. Ол жігіттер менен еш артық емес. Немесе басқалардан. Ерекше ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Мысалы мына жігіт. Ол талантты және жылдам, бірақ, оны жеңуге болады. Бірақ ол жекпе-жектен бас тартатынын білемін. Golden Boy компаниясының өз жоспары бар. 

Еске салайық, Тұрсынғалиев кәсіпқой бокстағы карьерасын былтыр қарашада бастады. Қазақстандықтың есебінде бірегей жетістік бар: 29 күнде ол Мексикада сегіз жекпе-жек өткізді, алайда, оның алтауы ғана есептелді. Наурызда Мұса доминикандық Луис Хиножосаны (31-15, 16 КО) нокаутқа түсіріп, одан WBA-NABA нұсқасы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағын тартып алған. Қазақстандық бір жылда сегіз жекпе-жек өткізді: алтауы Мексикада және екеуі АҚШ-та. Алтауын нокаутпен жеңді, ал екеуін төрешілер шешімімен. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар