Бокс
29 қараша 2019 14:47

"Кеткен есемді Олимпиадада қайтарамын". Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны

© olympic.kz
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев әлемдік додадад кеткен есесін Олимпиада ойындарында қайтармақ, - деп хабарлайды Olympic.kz.


"2019 жылғы маусым мен үшін жаман болған жоқ. Осыдан екі жыл бұрынғы жетістігімді қайталадым. Дегенмен, әттеген-ай дейтін сәттер де аз емес. Ең үлкен өкінішім - Екатеринбургтегі әлем чемпионатының финалында есе жібергенім. Қарсыласымды жеңіп, ауыр салмақта қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы боламын деген арманым бар еді. Өкінішке қарай, орындалмады. Әлем біріншілігінің ақтық сынында сәл ашуға бой алдырғаным да кері әсерін тигізген сияқты. Мұнымен тоқтап қалмайтынымыз анық. Алда бізді өте маңызды сынақ күтіп тұр. Келесі жылдың ақпан айында бокстан Токио ойындарына жолдама беретін лицензиялық турнир өтеді. Сол сыннан сүрінбей, Олимпиада ойындарына жолдамаса алсам, әлемдік додада кеткен есемді қайтарамын деп мақсат қойдым. Әрине, алдын ала болжам айтуға болмайды. Бұйырса, бәрін өз уақытында көреміз", - дейді Қамшыбек.