"Керемет ел..". Кличко туған жері туралы басты сұраққа жауап берді

4 қыркүйек 2019 18:04
© sport-express.ru
Ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы украиналық Владимир Кличко отаны туралы басты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жанкүйердің сұрағына видеожауапты англиялық Talksport баслымының журналисті Майкл Бэнсон жасап, астына: "Владимир Кличко жылдар бойы қойылып келген сұраққа ақыры жауап берді" деп жазған. 

Украиналық өзінің жауабында "Борат" фильмінің кейіпкерінің дауысымен: "Гордон, Қазақстанда туғанымды білесің бе? Ол керемет ел және маған ұнайды" дейді. 




Айта кетейік, Владимир Семейде дүниеге келіп, кейін Украинаға көшкен. 2013 жылы ағайынды Кличко Алматыда өткен бокстан әлем чемпионатының құрметті меймандары болды, ал турнирден кейін балалық шағы өткен Тараз маңын аралап қайтты.

Еске салайық, Владимир Кличко ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO белбеулерін иеленген. Ал карьерасын 2017 жылы британиялық Энтони Джошуадан жеңілген соң аяқтаған.