"Келіссөз басталды!" Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Құрметті жанкүйерлер! Команда демалыста екенін білесіздер. Демалыс елде сәтті өтіп жатыр. Бұйыртса, жыл соңына дейін 1 жекпе-жек өткіземіз. Келіссөздер басталып кетті!", - деп жазыпты Жәнібек Instagram желісінде. 

Еске салайық, қазақ боксшысы кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңген болатын. Осыдан кейін Жәнібек орта дивизионда WBO титулына ие америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар