"Келісімшартқа қол қойдық". Головкин титулын қорғау мен "Канеломен" жекпе-жек бойынша бір шешімге келді

Сурет: HBO
Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) алдағы жсопарлары туралы айтып берді.

Оның сөзінше, GGG міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы IBF белбеуін қорғайды. Бұл жекпе-жек бірнеше рет кейінге шегерілді.

"IBF титулы үшін Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек бойынша GGG-мен келісімшартқа қол қойдық, бұл міндетті қорғау", - дейді Хирн IFL TV арнасына берген сұхбатында. 

Осыдан кейін Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) қайта жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 12 қыркүйекке жоспарланып отыр. Ал өтетін орын ретінде Далластағы  AT&T аренасы аталып отыр.

"Канело" мен Головкин де аралық жекпе-жек өткізгісі келеді. Алайда бокс қыркүйекте ғана жанданса, "Канелоның" Билли Джо Сондерспен жұдырықтаса алмайды", - дейді промоутер. 
Жаңалықтар