"IBF титулы үшін Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек бойынша GGG-мен келісімшартқа қол қойдық, бұл міндетті қорғау", - дейді Хирн IFL TV арнасына берген сұхбатында.
Осыдан кейін Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) қайта жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 12 қыркүйекке жоспарланып отыр. Ал өтетін орын ретінде Далластағы AT&T аренасы аталып отыр.
"Канело" мен Головкин де аралық жекпе-жек өткізгісі келеді. Алайда бокс қыркүйекте ғана жанданса, "Канелоның" Билли Джо Сондерспен жұдырықтаса алмайды", - дейді промоутер.