2019 жылы Альвареске қол жеткізу мүмкін емес болды. Ал 2020 жылы "Канело" Каллум Смит немесе Билли Джо Сондерске қарсы жекпе-жек өткізеді, сосын Головкинмен шығады. Қазір Головкин хабар бергеннін күтіп отыр, хабар келісімен келіссөздер басталады, сол кезде келісімшартқа қол қоямыз деген ойдамын", - дейді Хирн.
Промоутердің ойынша, мексикалық Головкинмен қыркүйекте жұдырықтасуға келісуі мүмкін.
"Канелода" ірі жекпе-жектер мен үлкен гонорарлар болады, бірақ, ол Мекесиканың Тәуелсіздік күні жұдырықтасқысы келетіні анық. Жыл аяқталды, енді Альварестің командасына амалдай бастау керек. Меніңше, "Канелоның" нақты стартегиясы бар - Головкинмен қыркүйекте жекпе-жек өткізу. Бұған расымен сенемін. Бұл жекпе-жекті 2020 жылы көретінімізді сезіп тұрмын.
Головкин жақында Деревянченкомен жұдырықтасты, енді оған міндетті түрде титулын қорғау қажет. Камил Шеремета слотты наурызда толырады деп ойлаймын. Головкин қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтаса алатынына қуанатын шығар. Қалай дегенмен Головкин ұтымды жағдайда", - дейді промоутер.