Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) титулды айқасқа шығатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
EverythingBoxing мәліметінше, америкалық боксшы екі жекпе-жекке келісімшарт жасайды.
"Деметриус Андраде, Sky платформасымен Жәнібек және Лиам Смитпен жекпе-жек бойынша келісімшартқа қол қоюы ықтимал. Міне оның карьерасы", - деп жазыпты мәлімет көзі.
Мұның алдында WBO ұйымы Андрадені белбеуін Жәнібекке қарсы қорғауға міндеттеген еді.