| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 09:54
 

Келесі қарсылас өзбек! Нұрбек Әлем кубогінде қарсыласын нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Келесі қарсылас өзбек! Нұрбек Әлем кубогінде қарсыласын нокаутқа түсірді ©ҚБФ

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы жарыс жолын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогындағы жарыс жолын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичхэмен қолғап түйістірді.

Үш нокдаун және айқын басымдық

Жекпе-жек барысында Нұрбек қарсыласынан әлдеқайда басым болды. Қазақстандық былғары қолғап шебері кореялық спортшыны үш рет нокдаунға түсіріп, кездесудің тағдырын мерзімінен бұрын шешті.

Төреші үшінші нокдауннан кейін айқасты тоқтатып, Оралбайдың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін тіркеді.

Келесі қарсылас – өзбек боксшысы

Осы жеңістің арқасында Нұрбек Оралбай турнирдің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде ол Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевпен кездеседі. Ал Ким Гичхэ үшін Гуйяндағы жарыс аяқталды.

Нұрбек Оралбай соңғы жылдары Қазақстан құрамасының негізгі көшбасшыларының біріне айналды.

Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы атанған.

Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында өтіп жатыр. Турнирге әлемнің үздік боксшылары қатысуда.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!