Бокс
22 сәуір 2021 12:12

"Келесі GGG боламын". Қазақстандық боксшы Головкин жетістігін қайталап тарихқа кірмек

Сурет: Las Vegas Review-Journal

Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бобыржан Момынов (12-0, 8 КО) америкалық Анхель Руиспен (16-1, 12 КО) өтетін жекпе-жек алдында қандай жоспары барын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бобыржанның сөзінше, ол атақты отандасы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жетістігін қайталамақ. 

"Мақсатым - әлем чемпионы атанып, атымды тарихта қалдыру. Дәл қазір Қазақстан - бұл тек Triple G (Геннадий Головкин), ал мен келесі болуға тырысып жатырмын", - деп береді Момыновтың сөзін Ring City USA баспасөз қызметі. 

Опубликовано Ring City USA Среда, 21 апреля 2021 г.

Жеті раундқа есептелген Момынов - Руис жекпе-жегі ертең, 23 сәуір АҚШ-тың Уэст-Пойнт қаласында өтеді. Қарсыластар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, белгіленген шектеуден аспаған. Момынов таразыда 66,3 келі (146,2 фунта) көрсетті, ал Руис сәл ауырлау шықты - 66,5 (146,6).

Қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (55-1-2, 37 КО) спарринг серігі болып, мексикалыққа Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке дайындалуға көмектескенімен белгілі.