Англияның Лондон қаласында бокс кеші өтіп, оның басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы IBF титулы сарапқа салынды. Бұл айқаста британиялық Мозес Итаума (14-1, 12 КО) мен хорватиялық Филип Хргович (21-1, 16 КО) кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек тоғызыншы раундта аяқталды. Хргович Итауманы нокаутқа түсіріп сенсация жасады және чемпион атанды. Айта кетерлігі, жекпе-жектің екінші раундында Хрговичтің өзі нокдаунға түсті. Бұған қоса, хорват боксшысы кездесудің басым бөлігінде қарсыласынан анық жеңіліп жатқан боалтын.
Тоғызыншы раундта Итаума аяғында әрең тұрды және раунд соңына дейін шыдай алмады. Осы сәтте төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сонымен қатар британиялық боксшының командасы рингке ақ орамал лақтырды. Осылайша, Итаума кәсіпқой карьерасында алғашқы жеңілісіне ұшырады әрі алғаш рет нокаутпен жеңілді. Бұған дейін ол 14 айқасының бәрінде жеңген болатын.
Ал Хргович 21-рет жеңіске жетіп отыр. Хорват боксшысы бұл жеңістерінің 16-сын нокаутпен аяқтаған.
Жекпе-жектен кейін өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Хрговичті жеңісімен құттықтып, "ерте ме, кеш пе бір кездесеміз" деп хорватиялықпен жекпе-жек өткізгісі келетінін білдірді.
Филип Хргович қазақстандық бокс жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол кезінде "Астана Арландары" клубының намысын қорғап, Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) екі рет жеңімпаз атанған.
Жарнама