Келесі чемпион? Қазақстандық боксшы титулды айқасқа шығатыны хабарланды

©Suleimen Promotions

Қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) титулды жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz. Боксшының өкілдері - Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы осындай құлақтандыру жасады.

Қазақ боксшы суперорта салмақта WBA чемпиондығына басты үміткер.

"Чемпиондық айқас? Жуырда?", - делінген хабарламада.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) спарринг серігі болған Айдос келесі айқасына дайындықты бастап кеткен болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар