Келесі айқаста Қонқабаев пен Джалолов бетпе-бет келеді

©allboxing.ru

Қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен өзбекстандық Баходир Джалолов Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында бетпе-бет келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіден аса салмақтағы бұл айқас финалға татиды, алайда турнир кестесі екі боксшыны ширек финалда кездестіріп отыр. Жекпе-жек 10 мамырда өтеді. 

1/8 финалда Қамшыбек сириялық Мохаммед Млайесті жеңді, ал Джалолов аустралиялық Теремоан Джуниордан басым түсті. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport