auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Келдім, көрдім, жеңдім". 33 жасында әлем чемпионы болған Теміртас Жүсіпов

"Келдім, көрдім, жеңдім". 33 жасында әлем чемпионы болған Теміртас Жүсіпов
©kfb

Бокстан Қазақстанның бес дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов жуырда Сербиядағы әлем біріншілігінде 48 келіге дейінгілер арасында алтыннан алқа тағынды. Ақмола облысының тумасы спорттық карьерасындағы ең үлкен жетістігін 33 жасында жасағанын айта кеткен жөн. Халықаралық турнирден елге оралған былғары қолғап шебері Vesti.kz тілшісімен әңгімелесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Теміртас, жеңісіңізбен құттықтаймыз! Әлем чемпионы атандыңыз. Қандай сезімдесіз?

- Әлем чемпионы болғанымды әлі сезіне қойған жоқпын. Бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге және әр жекпе-жектің алдында бізді дайындаған бапкерлерге алғыс айтамын. Себебі, жаттықтырушыларымыз бізге әрдайым ақыл-кеңестерін аямады. Қай жерде қандай тактика қолдану керектігімізді айтып отырды. Белградтағы бокс залында бізге қолдау көрсеткен отандастарымыз да болды. Оларға да рахмет айтамын.

- Психологиялық тұрғыда қай кездесуді қиын болды деп ойлайсыз?

- Психологиялық тұрғыда әр айқас өзінше қиын болды. Әлем чемпионатына осал қарсылас келмейді. Сондықтан біз әр қарсыласпен соңғы рет жекпе-жекке шыққандай өнер көрсеттік.

- Болашақта олимпиадалық салмаққа өту жоспарда бар ма?

- Шынымды айтсам менің салмағым өспейді. Бұл өзі табиғи бұрыннан солай. Оның үстіне ауыр салмақтағы жігіттер физикалық тұрғыда менен мықты. Бойлары ұзын келеді. Кезінде 52 келі салмақта жарыстарға қатысып көргем. Жақсы нәтижелер көрсеттім. Соған қарамастан, салмақ қосқан қиын болды. Сол үшін басқа салмаққа ауыспаймын.

- Болашақта кәсіпқой боксқа өту жоспарыңызда бар ма?

- Жоспарда ондай жоқ.

- Сіз бокстан Ақмола облысынан шыққан тұңғыш әлем чемпионысыз. Осы орайда сіздің туған өңірде осыдан кейін бокс қаншалықты дамиды деп ойлайсыз?

- Әлем чемпионатынан кейін өзімнің жаттығу залыма барғанда жігіттердің көзінен от байқадым. Мен оларға барлығы өздеріңнің қолдарыңда. Аянбай жаттығу жасасаңдар жетістікке жетесіңдер дедім. Жалпы біздің аймақта мықты боксшылар бар. Олардың арасында Мереке Жүсіпов, Руслан Мусинов сынды жігіттерді айтар едім.

- Теміртас, сіз 33 жасыңызда әлем чемпионы атандыңыз. Бұл мақсатқа жету үшін қаншама жыл еңбек еттіңіз...

- Бірінші кезекте Олимпиада чемпионы боламын деген арманым болды. Өкінішке қарай менің салмағымды Олимпиада бағдарламасынан алып тастаған соң көңіл-күйім түскен сәттер болды. Кейін мақсаттарым өзгерді. Әлем чемпионы боламын деген жоспар қойдым. Сербияға барғанда өзіме берілген мүмкіндік екенін түсіндім. Күміс немесе қола медаль емес, тек алтын аламын деп бардым. Нәтижесінде – келдім, көрдім, жеңдім.

- Әлем чемпионаты алдында бапкерлік штаб сізден жүлде күтті ме?

- Негізі бапкерлік штаб Белградқа барған барлық жігіттен жүлде күтті. Бәрімізге медаль алатын әлеуетіміздің барын айтты. Сәтін салып сол жарыста алтыннан алқа тағындым.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама