Бокс
27 сәуір 2021 11:07
 
367

"Қазірдің өзінде жеңіліп қалды". Аңыз боксшы "Канело" туралы не ойлайтынын айтты

  Пікірлер

blog.share

"Қазірдің өзінде жеңіліп қалды". Аңыз боксшы "Канело" туралы не ойлайтынын айтты "Канело" және Хулио Сезар Чавес. Сурет: Reddit

Үш салмақта бұрынғы әлем чемпионы 58 жастағы мексикалық Хулио Сезар Чавес (107-6-2, 85 КО) отандасы Сауль Альваресті (55-1-2, 37 КО) ұлы боксшы деп есептемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды fightnews.info.

Чавес 30 жастағы "Канело" өзі жеткен биікті бағындыра алмайтынын айтты.

"Канело" - тамаша боксшы, ол қазір қолжеткізгеннің бәріне лайықты. Бірақ ол менен асып түсе алмайды, өйткені қазірдің өзінде жеңіліп қалды, ал мен тоқсан жекпе-жекке жеңіліссіз жеткенмін. Біздің жұдырықтасу стиліміз бөлек. Қайталап айтамын, ол қазір қолында барына лайықты және кейде әділсіз сын естіп жатады, алайда, жанкүйерлер әрқашан сондай болған", - дейді аңыз боксшы. 

Жарнама

Живи спортом!