Ауыр салмақтағы қазақстандық бұрымды Валерия Аксенова "Страндж кубогы" турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz. Алайда біздің командада жүлдеге жиырмадан аса үміткер бар.
Ширек финалдық айқаста қазақстандық боксшы үндістандық Нандиниден мерзімінен бұрын жеңілді.
Осылайша, Аксенова жартылай финалға шығып, жүлдеге ілігіп отырған Ләззәт Күнгейбаева (81 келіден аса) және Абзал Құттыбековтың (92 келіге дейін) ізін баса алмады.
Шақ келмей жатыр. Қазақ боксшы тағы бір ӘЧ жүлдегерін жарыстан шығарып тастады
Василий Самчук англиялық Нил Фарреллді төрешілердің бөлек шешімімен жеңді, ал Әділет Құрметов германиялық Мурат Йылдырымға есе жіберді.
Сонымен Қазақстанның ерлер командасында бір боксшы жартылай финалға өтті, 13 спортшы 1/4 кезеңде. Бүгін рингке тағы екі боксшымыз шығады.
Ал бұрымдыларымыздан ширек финалға 12 спортшымыз шығып отыр және айтып өткендей Күнгейбаева жартылай финалға жекпе-жексіз өткен.
Қазақстан кіші әлем чемпионатында бірінші жүлдені жекпе-жексіз иеленді