Бокстан Қазақстан құрамасы Софияда (Болгария) өткен беделді халықаралық "Странджа кубогі" - 2026 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 9 жүлде жеңіп алды
Алтын иегерлері:
Даниял Сәбит — 50 келіге дейін
Валерия Аксенова — 80 келіден жоғары
Надежда Рябец — 80 келіге дейін
Элина Базарова — 54 келіге дейін
Күміс жүлдегерлер:
Фарух Тоқтасынов — 70 келіге дейін
Лаура Есенгелді — 65 келіге дейін
Қола жүлдегерлер:
Әнел Сақыш — 54 келіге дейін
Валентина Хальзова — 75 келіге дейін
Дина Исламбекова — 80 келіден жоғары
Айта кетейік, "Странджа кубогі" — Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі. 2026 жылы бұл жарыс 77-рет ұйымдастырылды.
Қазақстан бұл жарысқа ең үлкен құрамдардың бірімен келді: 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) шаршы алаңға шықты.