Қазақы оюмен. Головкин "Канеломен" айқас алдында ерекше сыйлық алды

©Тұрар Қазанғапов

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында сыйлық алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшыға қазақы оюмен өрнектеліп, "GGG Promotions" деген жазуы бар бокс бұйымы табыс етілді. 

"Бүгінгі жаттығудан", - деп жазыпты GGG әлеуметтік желіде жариялаған фотоның астына. Сонымен қоса, ол сыйлық үшін алғыс білдрді: "NazoBoxing-ке тамаша ауыр мөшек үшін алғыс білдіремін". 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар