Қазақстандық боксшы Алина Құдайгенова Бангкокта өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатын (U-19) ширек финалдан бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы оңтүстік кореялық Чихе Хон болды. Бірінші раундта Құдайгенова қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңді.
Екінші үш минуттық кезең төрешілер хаттамасында теңдей өтті - 3:2 есебімен Алинаның пайдасына шешілді. Осылайша, жекпе-жектің тағдыры шешуші үшінші раундта анықталды. Бұл кезеңде де Құдайгенова бөлек шешіммен басым түсті.
Айта кетейәк, Чихе Хон қарсы соққыларға қарамастан алға ұмтылып, Құдайгеновамен ашық айқасқа барған. Бұл жекпе-жекте екі боксшы да мықты төзімділік танытып, бірде-бір рет нокдаунға түскен жоқ.
Жартылай финалға жолдама алған Алина Құдайгенова Азия чемпионатының кемі қоласына ілігіп отыр.