Қазақтың Сабырханы "лас әрекеттер" жасаған ринг қожайынымен айқасты
©Asian Boxing Confederation
Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 26 қаңтарда Азия чемпионатының финалдық айқастары өтуде, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгілер арасындағы Бангкокта өтіп жатқан турнирде шаршы алаңға Қазақстан атынан Махмұт Сабырхан да шықты.
Үшінші жұпта Махмұт Сабырхан (57) таиландтық Саравут Суктхетпен жекпе-жекке шығып, төрешілер шешімімен жеңіске шықты. Бұл кездесуде ринг қожайыны қазақ боксшысын қайта-қайта құшақтап, қолын байлай берді. Дегенмен Сабырхан одан басымдығын көрсете алды.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші алтын, осыған дейін Санжар Тәшкенбай мен Нұрсұлтан Алтынбек те финалда жеңіске жеткен боалтын.
Жарнама