"Қазақтың рухы бар". Ислам GGG-дің "Канеломен" үшінші жекпе-жегі жайлы ойын айтты

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жегі уақыт еншсіндегі дүние. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Канат Ислам (25-0, 20 КО) осындай пікір білдірді.

- Головкинге сенемін. Ол жаңа бапкермен жаттыға бастады. Онда қазақтың рухы бар, өте еңбекқор. Қиындықтарға мойымағанын өзіміз көріп отырмыз. Ол нағыз жауынгер және рингке жеңіс үшін ғана шығады, - дейді Ислам. 

- Головкиннің болашағы туралы не айтасыз? DAZN-мен келісімін орындай ала ма?

- Хопкинс рингтен 51 жасында кетті. Боксшының өзіне байланысты. Қуатың кемімей, карьераңды жалғастыруға дайын болсаң, сені ештеңе тоқтата алмайды. Әр адам өз күшін біледі. Бұл сұрақты Головкиннің өзіне қою керек шығар.

- Головкин мен "Канело" арасында үшінші жекпе-жек өте ме?

- Бокс - бұл үлкен бизнес. Головкин және "Канело" - қазіргі таңда әлемнің ең танымал боксшылары. Келесі кездесулері уақыт еншісінде ғана деп ойлаймын. Мұны бәрі қалайды, демек болады. Жақсы жекпе-жек болады деп ойлаймын. Головкинге сәттілік тілеймін.