Бүгін, 18 қаңтарда Таиландтың Бангкок қаласында бокстан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтетін бұл турнирде Қазақстан атынан рингке бірінші болып Санжар Тәшкенбай шығады, 48 келідегі 1/8 финалдық айқаста оның қарсыласы қырғызстандық Анваржан Ходжиев болады.
Күндізгі сессияның үшінші жұбында ринг төріне "Қазақтың Ломаченкосы" атанып кеткен Махмуд Сабырхан жұдырықтасуға шығады. 57 келідегі 1/8 финалда оның қарсыласы өзбекстандық Мирзабек Мирзахалилов болмақ.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы 13:00-де басталады.