"Қазақтың Ломаченкосы" Олимпиадаға іріктеуде қарсыласына мүмкіндік қалдырмады

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық Махмұт Сабырхан Италиядағы лицензиялық турнирдің 1/8 финалында кезекті қасрыласын жеңді, деп жазады Vesti.kz.

57 келіде жұдырықтасатын Махмұттың қарсыласы пуэрториколық Калеб Тирадо болды. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бәрі жеңісті бірауыздан қазақ боксшыға берді - 5:0.

Жұдырықтасу стиліне қарай бокс сүйер қауым Василий Ломаченкоға ұқсататын қазақ боксшы осыған дейін эфиопиялық Ядес Лета мен таиландтық Саравут Суктетті жарыс жолынан шығарып тастады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport