Қазақстандық Махмұт Сабырхан Италиядағы лицензиялық турнирдің 1/4 финалында жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz.
57 келіде өнер көрсететін Махмұттың ширек финалдағы қарсыласы тәжікстандық Асрор Вохидов болды. Бұл жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен Махмұт жеңіске жетті - 4:1.
Осылайша, жұдырықтасу стиліне қарай бокс сүйер қауым Василий Ломаченкоға ұқсататын қазақ боксшы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.