"Қазақтың Ломаченкосы" мен тағы алты боксшыздың АЧ-дегі айқастарына тікелей көрсетілім

©ҚБФ

Бүгін, 6 қарашада Аммандағы Азия чемпионатында рингке жеті қазақстандық боксшы шығады, деп хабаралйды Vesti.kz.

16:00-де басталатын күндізгі сессияда үш қазақ боксшы жұдырықтасады. Бірінші жұпта "Қазақтың Ломаченкосы" атанып кеткен Махмұт Сабырхан (54 келі) моңғолиялық Дорьныамбуу Ганболдпен жекпе-жек өткізеді. 

Бесінші жұпта Серік Теміржанов (57 келі) йорданиялық Юсеф Иашашпен күш сынасады. 

Ал рингке шығатын тоғызыншы жұпта Саматәлі Төлтаев (60 келі) Қырғызстан боксшысы Мирзохид Имамназаровпен мықтыны анықтайды. Айта кетейік, Саматәлі 63 келіде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаевтың егізі. Бұл жарыста Санатәлі өзбекстандық Руслан Абдуллаевтан жеңілді. 

21:00-де басталатын кешкі сессияда Қазақстан құрамасының төрт боксшысы ринг төріне шығады.

Төртінші жұпта Санжар Тәшкенбай (48) Қырғыз елінің өкілі Мирлан Туркбай Уулумен айқасады.

11-жұпта Дулат Бекбауов (67) тағы бір қырғызстандық Жакшылык Талайбековпен жекпе-жек өткізеді.

Ары қарай бұрымдылар жарысы. 13-жұпта Алуа Балқыбекова (48) таиландтық Тхипсатчей Йодваримен, ал соңғы жұпта Римма Волосенко (60) моңғолиялық боксшы Номин-Эрдене Тугсжаргалмен жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар