Бокс
28 ақпан 2022 18:16
 
"Қазақтың Ломаченкосы" кіші әлем чемпионатынан кейін алғаш рет пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

"Қазақтың Ломаченкосы" кіші әлем чемпионатынан кейін алғаш рет пікір білдірді ©ҚБФ

Бокстан Болгария астанасы Софияда өткен "Странджа кубогі" турнирінде Қазақстан ерлер командасы екі алтын жеңіп алды. Оның бірін әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан иеленген болатын. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы дәстүрлі дода туралы ойымен бөлісті. 

"Бұл менің әлем біріншілігінен кейін қатысып отырған алғашқы турнирім. София төрінде үш кездесу өткіздім. Бірінші жекпе-жекте Германия спортшысын ұттым. Кейін Ресейдің және Болгарияның осы салмақтағы бірінші нөмірлі боксшыларынан басым түстім. Ақтық сында қарсыласым кездесуге шығудан бас тартып, автоматты түрде жеңімпаз атандым. Өзім үшін Болгария боксшысымен өткен жекпе-жек ауырлау өтті. Біріншіден - өте жақсы боксшы, екіншіден - шаршы алаң қожайыны. Айқын басымдықпен ұтпасаң, төрешілер шешімі басқа болуы мүмкін. Сондықтан, барымды салып, 5:0 есебімен жеңіске жеттім. Биылғы маусымда ірілі-ұсақты халықаралық турнирлер жиі өтеді. Сол бәсекелерде бақ сынап, 2022 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындалуды мақсат етіп отырмын", - деді Махмұд. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!