Бокс
15 мамыр 2024 15:17

"Қазақтың Ломаченкосы" екінші айқасында өзбек боксшымен бетпе-бет келді

©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогі" халықаралық турниріндегі екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz.

57 келіде өнер көрсететін Махмұттың бұл жолғы қарсыласы өзбекстандық Худойназар Фаизов болды. Үш раунд қорытындысы ойынша қазақстандық боксшы қарсыласынан ұпай санымен басым түсті. 

Украиналық Василий Ломаченкомен стиль ұқсастығы үшін Махмұтты "қазақтың Ломаченкосы" атап кеткен еді. Бұл турнирдегі бірінші айқасында қазақ боксшы ирандық Даниал Шахбахшты жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport