"Қазақтың Ломаченкосы" атанған Махмұд Сабырханға баспана сыйға берілді

©ҚБФ

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханға Шымкентте екі бөлмелі пәтер сыйға берілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшыға пәтер кілтін қалалық бокс федерациясының президенті Асқар Тұрысбеков пен директор Рахманбек Арғымбаев табыс етті.  

Махмұд әлем біріншілігінде 54 келіде күміс жеңіп алды, финалда ол жапониялық Томоэ Цубойға есе жіберген болатын. 

Жұдырықтасудың әдемі техникасы үшін ресейлік БАҚ оны "Қазақтың Ломаченкосы" атап кетті. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport