Осылайша, Ербосынұлы екінші орта салмақта сегізінші орыннан бір саты жоғарлады.
Орта салмақтағы тағы екі қазақстандық та жоғары көтерілді. Бестен төртінші орынға WBO International белбеуіне ие Қанат Ислам (27-0, 21 КО), ал алтындан беске осы ұйымның WBO Global титулын иелеген Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жайғасты.
Ал тағы екі қазақстандық бұрынғы позициясын сақтап қалды. Жартылай орта дивизионда WBO Oriental титулы бар Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) он төртінші орында, ал бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) тоғызыншы болып қалды.