Бокс
22 қаңтар 2020 07:56
 
Қазақтың жеңіліс көрмеген үш боксшысы WBO рейтингінде көтерілді

  Пікірлер

blog.share

Қазақтың жеңіліс көрмеген үш боксшысы WBO рейтингінде көтерілді © Suleiman Boxing Promotions

WBO Global, WBA International және WBC Asia титулдарына ие қазақстандық  Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының рейтингінде жоғарлады (WBO), - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, Ербосынұлы екінші орта салмақта сегізінші орыннан бір саты жоғарлады. 

Орта салмақтағы тағы екі қазақстандық та жоғары көтерілді. Бестен төртінші орынға WBO International белбеуіне ие Қанат Ислам (27-0, 21 КО), ал алтындан беске осы ұйымның WBO Global титулын иелеген Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) жайғасты.

Ал тағы екі қазақстандық бұрынғы позициясын сақтап қалды. Жартылай орта дивизионда WBO Oriental титулы бар Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) он төртінші орында, ал бірінші жартылай орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жаңқош Тұраров (24-0, 17 КО) тоғызыншы болып қалды. 

Жарнама

Живи спортом!