Екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы "Зымыран" лақапатымен белгілі венесуэлалық Омар Гарсияны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
10 раунд форматындағы жекпе-жек Красноярск қаласында болды. Сегізінші раундта аяқталған ұрыста Айдос Ербосынұлы техникалық жеңіске жетті.
Бұл - 28 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі он үшінші жекпе жегі еді. Бұл жолғы жекпе-жегі боксшының Ресейдегі екінші ойыны. Бокс мансабын Айдос Ербосынұлы 2015 жылы Украинада бастаған. Одан кейін екі рет АҚШ-та, алты рет Қазақстанда және бір рет Аустралияда жұдырықтасқан.